Елордадағы құрылыс алаңындағы қасбет жұмыстары кезінде аспалы лифтінің тросы үзіліп кетіпе салдарынан жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
41 жастағы марқұм жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында бірден қайтыс болған. Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
«Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 14 желтоқсанда құрылыс алаңында қасбет жұмыстары кезінде аспалы лифтінің тросы үзіліп кетті. Ішіндегі 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарынан бірден қайтыс болды», — деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
