Жақынджа ғана Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі-баспасөз хатшысы қызметінен босатылған Айбек Самадияров ақордаға жауапты қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды,- делінген дереккөзде.
Айта кетейік А. Смадияров ҚР Сыртқы ісітер министрлігінің ресми өкілі және баспасөз хатшысы болып 2018 жылдан бері істеп келді. Жақында БАҚ пен әлеуметтік желіде оның осы қызметтен өз еркімен кеткені айтылған.
