Өскеменде ALTAI MAI толық циклді май экстракциялық зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жаңа зауыт Шығыс Қазақстан облысындағы май өнеркәсібі саласында заманауи және ең жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі саналады.
Жаңа кешен майлы дақылдарды өңдеудің шикізатты қабылдаудан бастап оны дайындау, экстракциялау, рафинациялау және дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтиды.
Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталды. Жалпы инвестиция көлемі 26 миллиард теңгеден асты, оның ішінде 2,5 миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 500 тонна күнбағыс дәні. Зауыт өсімдік майлары, шрот және пеллеттер өндіреді, бұл шикізатты тиімді пайдалану мен ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әрбір шикізат партиясы көпсатылы сапаны бақылаудан өтетінін, өндірісте экологиялық таза технологиялар енгізілгенін, олар қоршаған ортаға әсерді азайтып, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді дейді компания өкілдері.
Мұндай тәсіл дайын өнімнің жоғары сапалылығын және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
