Бірнеше көліктің қатысуымен болған апат салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Осы жылдың 13 желтоқсанында Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолының Павлодар бағытындағы 94-95 шақырымында жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әртүрлі жарақаттармен екі адам ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды», — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
