Қайғылы оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 462-ші шақырымында болған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тауып, төртеуі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
«10 желтоқсанда шамамен сағат 14:15-те Алматы-Өскемен тас жолының 462-ші шақырымында екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA автокөлігінің жүргізушісі тас жолмен келе жатып, қарсы бағыттағы Toyota көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам бірден қаза тапты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, апаттың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Полиция қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Барлық жүргізушілерді жолаушыларды тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық шектеулерін және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Тіпті жол қозғалысы ережелерін ұсақ бұзу да қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», — деп жазды облыстық пд баспасөз қызметі.
Фото: КazTAG агентігінен алынды
