Қарағанды облысында 4 теміржолшы пойыз басып қаза тапты

Қайғылы оқиғаның себебі Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызының соқтығысуынан болған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жазатайым оқиғаның салдарынан төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.

Теміржол бойында Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан.

Барлық қажетті шараларға қарамастан, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады.  Орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы басшыларының құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері бастаған арнайы комиссия құрылды. Комиссия тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.     -делінген ҚТЖ компаниясының оқиғаға қатысты берген мәліметінде. 

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика