Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті берген дерегінше, Halyk Arena кешенінің маңайындағы құрама жем сақталған қоймалардың бірі отқа оранған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Kris_p_Almaty Telegramm арнасы жариялаған видеодан өрттің қарқыны күшті болғанын байқауға болады. Видеода оқиға болған жерде бірнеше өрт сөндіру көліктері жұмыс істеп жатқаны байқалады.
Алматы ТЖД берген мәлімет бойынша тілсіз жау 70 шаршы метр аумақты қамтыған.
10 желтоқсан күні сағат 18:08-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы, Құлжа тас жолы, 5Б мекенжайы бойынша орналасқан 70 шаршы метр аумақтағы құрама жем сақтайтын қоймадағы өртті сөндірді, деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ.т ТЖД қызметкерлері көлемі 25 литрлік бір газ баллонды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
