Алматы әуежайында көптеген рейстер кейінге шегерілді

Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, қалың қар жаууы салдарынан  кейбір рейстердің уақыттары қайта жоспарланды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Әуежай қызметтері әуе компанияларымен бірлесіп күшейтілген режимде жұмыс істеп,  жатыр.

Қалың қар жаууы мен жолақтардың нашар көрінуіне байланысты кейбір рейстер қайта жоспарланды. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшу-қону жолақтарынан, рульдік жолдар және перрондардан қарды тазалау жұмыстары жалғасуда. ал ұшақтар мұз бен қардан тазартылуда, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар әуежай әкімшілігі, жолаушыларға әуе компанияларымен және әуежайдың ресми веб-сайтында ағымдағы ұшу кестелерін алдын ала тексеріп, ауа райы жағдайларына байланысты ықтимал өзгерістерге назар аударуды ұсынды.

Біз кідірістерді азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі біздің басты басымдығымыз, сондықтан барлық ұшу және келу шешімдері қазіргі ауа райы жағдайлары мен ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып қабылданады, — деп мәлімдеді Алматы әуежайының баспасөз қызметі. 

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика