Ақтауда пәтер өртеніп, сегіз жасар бала көз жұмды (видео)

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қайғылы оқиға туралы жергілікті Lada.kz сайты жазды.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өрттің себебі анықталуда, деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті. 

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт салдарынан 2017 жылы туған бала қайтыс болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сілтеме жасай отырып, сотқа дейінгі тергеу деректері құпия болып табылатынын алға тартып оқиғаның егжей-тегжейі туралы ақпарат бермеді.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы — Абайсызда адам өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу — екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыру жазасы көзделген.

Видеоны, Маңғыстау облыстық ТЖД ұсынды.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика