Оқиға Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы республикалық маңызы бар тас жолдың 1028-шақырымында болған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жолаушылар автобусы «Пермь – Ташкент» бағытымен жүріп келе жатқан. Алдын-ала мәлімет бойынша қоғамдық көлік жол жиегіне аударылып, салдарынан бес адам, қаза болған. Марқұмдардың екеуі Өзбекстан азаматы.
«2025 жылғы 7 желтоқсанда сағат 08:57-де Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолдың 1028-шақырымында «Пермь – Ташкент» бағытымен жүріп келе жатқан Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол жиегіне қарай аударылған жол-көлік оқиғасы болды. Апат нәтижесінде 49 жолаушының бесеуі қаза тапты, олардың екеуі – Өзбекстан Республикасының азаматтары», – Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстан ТЖМ тиісті ведомстволармен бірлесіп жұмыс тобын құрған және қаза тапқандардың мүрделерін Отанына жеткізу, сондай-ақ жерлеуді ұйымдастыру барысында олардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылданған.
Сонымен қатар көрші елдің ТЖМ мамандары қайғылы оқиғаның себептерін анықтау бойынша қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды.
Фото: Қазтаг агенттігінен.
