«Байтақ» жасылдар партиясының Алматы филиалының жаңа басшысы сайланды

Алматы қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы филиалының төрағасы ретінде бір ауыздан Алма Қараш сайланды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Бүгін оңтүстік астанада өткен қалалық филиалдың V партиялық конференциясында мәлім болды.

Жаңа жетекші қоғам қайраткері және экология мен қалалық даму саласында белсенді жұмыс істер келе жатқан кәсіпкер.  Оның бастамасымен филиал Алматыдағы ластануды азайтуға және заманауи экологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған «Алматыға таза ауаны қайтарамыз!» атты қалалық экологиялық бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр.

Осы жиында Жасылдар партиясындағы жасыл адамдар!,- атты мәлімдеме жасалды.

«Жасыл Байтақ» партиясы Алматыдағы экологиялық жағдайды өзгертуге дайын. Қалада түтін, көлік эмиссиясы және ескірген жылыту жүйелері миллиондаған тұрғынның денсаулығына қауіп төндіруде.

Біз заманауи технологияларды ұсынамыз: ауа сапасын бақылау жүйелері, ластану деңгейінің цифрлық карталары, көлік қозғалысын смарт-реттеу және экологиялық қоғамдық көлікке көшу,-делінген мәлімедемеде. 

Сонымен бірге, партия қалалық саясатқа инновациялық тәсілдер енгізуде: жасыл дәліздер, көмірсіз энергия, өнеркәсіптік кәсіпорындарға экологиялық аудит, эко-стартаптарды қолдауға үн қосты.

Жергілікті жерлердегі белсенді жұмыс – біздің басты басымдығымыз: волонтерлер мониторинг жүргізеді, сенбіліктер өткізеді, көгалдандырумен және ағартушылық кампаниялармен айналысады.

Технологиялық шешімдерді, ғылыми тәсілді және азаматтық белсенділікті біріктіре отырып, біз Алматыға таза ауаны қайтаруға болатынына сенімдіміз. «Байтақ» партиясы нақты нәтижелерге жауапкершілікпен қарайды,- деп атап өтті байтақтықтар.

Алматы филиалының «Байтақ» партиясы конференциясында жаңа саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды.  Оның құрамына:
• Абай Сагитов – ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы;
• Бекнұр Қисоқов – жазушы, экономист және қоғам қайраткері;
• Сапар Аманжолұлы — «Ұлы Даланың жасыл елшісі»;
• Алма Қараш, филиал төрайымы болып сайланды.

Таза ауа. Таза аспан. Таза Алматы және алып «шаңсорғыштар»!

Алматы қаласындағы ауаның ластануын азайтуға арналған шаралар кешені алғаш рет таныстырылды. Оны «Байтақ» партиясының Алматы филиалының төрайымы Алма Қараш ұсынды.
Жоспарға жаңа технологиялық шешімдер, мониторинг деректері және алдағы бес жылға арналған нақты қадамдар кірді.

Басты элемент – әрқайсысының құны шамамен 100 000 АҚШ доллары болатын 1500 ауа тазартқыш мұнара орнату.
Партия тапқан инвесторлар жобаны бір жыл ішінде қаржыландыруға дайын, бұл тазарту желісін жылдам іске қосуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл белгілі бір деңгейде Бейжіңдегі тәжірибеге ұқсайды, онда шағын тазарту мұнаралары смогпен күрестің бір бөлігіне айналған.

Жоба сондай-ақ жүйелі шараларды қамтиды:
• жанармай сапасын арттыру және автомобильдер шығарындыларын бақылау;
• автопаркті электрификациялау;
• жеке секторды көмір мен қоқыстан газға немесе орталықтандырылған жылуға көшіру.

Бұл қадамдар Алматыдағы зиянды шығарындылар деңгейін бір жылдың ішінде 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан бойынша… противогазбен, велосипедпен…

Конференцияда Сапар Аманжолұлы сөз сөйледі.
«Ұлы даланың – жасыл елшісі» жобасы аясында ол бірнеше ай бойы Қазақстан жолдарымен жүріп өтіп, 12 000 км қашықтықты еңсерді. Мақсаты – елдегі экологиялық проблемалардың толық тізімін жасау.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика