Ерекшелігі бар балалардың ата-анасына тіл тигізген блогерге сот шешімі шықты

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналары туралы артық сөздер айтқан блогер Гүлнәр Оразалинаның ісін қарады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Іс материалдарын қарау кезінде  О. өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бейнематериал жариялап, онда оның «қоғамға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты қорлайтын және бейәдеп сөздер қолданғаны, сол арқылы қоғамға ашық түрде құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталған.

Құқық бұзушылықтың сипатын және жеңілдететін мән-жайдың болуын ескере отырып, О. ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, Т78 640 мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза белгіленуге жатады. Соттың қаулысымен О.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы әкімшілік жаза тағайындалды, – делінген сот баспасөз қызметі берген ақпаратта.  

Айта кетейік блогер он мыңдаған жазылушысы бар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында;

Жүргіштердің жазасын алатын кезі келді. Осыған дейін де олар жайлы деректерді естіген едім. Қазір ерекше балалар мен аутизм көбейіп кетті. Әлемде екінші бала ауру болып туады. Оның барлығы сол «жүргіштіктің» кесірінен, — деген пікір  айтқан болатын.

Оның бұл пікірі қоғамның сонымен қатар ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың жаппай наразылығын тудырған.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика