Елімізде бір айдың ішінде жемқорлыққа қатысты 100 қылмыстық іс тіркелген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2025 жылғы қарашадағы нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай биылғы қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелген. 

Оның ішінде :

— 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 8;
— 190-бап (алаяқтық) – 15;
— 194-бап (қорқытып алу) – 1;
— 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
— 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;
— 249-бап (рейдерлiк) – 2;
— 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 11;
— 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 4;
— 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
— 366-бап (пара алу) – 17;
— 367-бап (пара беру) – 33;
— 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 2;
— 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) – 1;
— 371-бап (салғырттық) – 1;
— 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) – 1;
— 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) – 1.

 Сотқа келесі 24 қылмыстық іс жіберілді:

— 190-бап (алаяқтық) – 10;
— 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) — 1;
— 366-бап — (пара алу) — 3;
— 367-бап (пара беру) – 8;
— 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 2.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша өтелінген залал 409,6 млн теңге.

ҰҚК эмблемасы. Фото: gov.kz

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика