Академик Жабайхан Әбділдин дүниеден өтті

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 
  Қаралы хабар:  Жабайхан Мүбаракұлы Әбділдин дүниеден озды. Түнде қызы хабарласып айтты. Ыстамбұлла емге апарған екен отбасы. Бейсенбі күні Ыстанбұлдан таңғы рейспен ылып келеді. Жаназасы 5 желтоқсан , жұма күні , Астана қаласында , жаңа мешітте. Иманды болсын,-деп жазды мәжілісмен.
Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин  1933 жылы 16 ақпанда Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында туған — қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1992). ҚР тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1994). Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы. Майтүбек ауылының Құрметті азаматы.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика