Көлік министрлігі былтырғы Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының Ақтауға жақын маңда апатқа ұшыраған ұшағына қатысты тергеу ісін аяқтауға жақын, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Қазақстанның вице-премьері Қанат Бозымбаев айтты.
Көлік министрлігі тергеудің аяқталу кезеңіне жақындады. Қазір біз лицензия иелерінен немесе технология иелерінен, аэронавигациялық құралдар және басқа да мәселелер бойынша қорытындының соңғы нұсқасын күтіп отырмыз. Тергену толығымен биыл немесе келесі жылдың басында аяқталады», – деді Бозымбаев.
Вице-премьердің айтуынша, тергеу екі бөлікпен жүргіхіліп жатыр. Бас прокуратура ресейлік әріптестерімен бірге, қылмыстық бөлігін жүргізіп жатыр.
Бас прокуратураның осы бөлігіне қатысты айтар болсақ, олар тығыз байланыста, ол жақта да ілгерілеушілік бар, сіздер көршілес мемлекеттердің түрлі басшыларының мәлімдемелерін көрдіңіздер. Сондықтан келесі жылы ол жақта да тергеу аяқталады деп үміттенеміз, – деді вице-премьер.
Еске салсақ, Өткен жылдың 52 желтоқсан күні Бакуден Грозный ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырғана болатын. Мәліметке сәйкес ұшақта 62 жолаушы мен 5 борт қызметкері болған. Олардың 38-і қайтыс болып, 29 аджам тірі қалды.
Артынша, ресми Баку апатқа Ресей тарапы кінілі деп мәлімдеме жасады. Одан кейін Ресей президенті Владимит Путин бұл айыпты млйындап, Әзербайжан президенті Илхам Алиев пен халқынан кешірім сұраған.
Коллаж Ulysmedia.kz
