Туған күн кешіндегі трагедия: белгісіз біреу 4 адамды өлтіріп, тағы 10 адамды жарақаттады

АҚШ-тың Стоктон қаласында белгісіз біреу баланың туған күні тойланып жатқан жерге кіріп келіп, төрт адамды атып өлтірді, тағы 10 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Jurtmedia порталы. 

Hindustan Times газетінің жазуынша трагедия банкет залында болған.

«Кішкентай балалардың жарақат алғанын қабылдау қиын екен», — дейді Сан-Хоакин округі шерифінің өкілі Хизер Брент.

Қаза тапқандардың кім екені әзірге анықталған жоқ. Қалалық кеңес мүшесінің айтуынша, марқұмдар сегіз бен 22 жас аралығында болған. Жарақат алғандардың жағдайы туралы ақпарат жарияланбады.

Еске сала кетейік, Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы зәулім ғимаратта психологиялық ауытқуы бар жас жігіт 4 адамды атып өлтіріп, бір адамды жарақаттаған еді.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика