Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
Мемлекет басшысы сайлаудың елдің дамуына оң әсер тигізетініне сенім білдірді.
«Парламент сайлауы Сіздің қуатты әрі өркендеген ел құру бағдарыңыз халықтың жаппай қолдауына ие болғанын көрсетті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық сипатындағы қазақ-қырғыз қатынастары қарқынды дамып келеді. Ғасырлардан тамыр тартатын достығымызға, тату көршілік байланысқа және өзара қолдауға арқа сүйей отырып, жетістіктерімізді еселей түсетінімізге әрі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратынымызға сенімдімін, – деп жазды Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
