Фото: Видеодан скрин
Алматыда аулада жүрген бүлдіршінді теуіп құлатқан еркек қамауға алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кешені ауласында кіші жастағы балаға қол көтерген сәті бейнеленген видео кеңінен таралуда. Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
«Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Полицияның ұстанымы айқын: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген қалалық ПД хабарламасында.
Айта кетейік, Алматыда еңгезердей ер адам аулада ойнап жүрген баланы бар күшімен теуіп құлатқаны еді.
