Фото: ABC News
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты», — деп жазады Ақорда.
Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, соңғы деректерге сай өрттен 44 адам қаза тапқан.
