«Жұбайым жай ғана батыр емес еді»: марқұм фельдшер әйелін жоқтаған жігітті жұрты жұбата алмай жүр

Фото: instagram.com/zeineladilet

Марқұмның күйеуі Әділет Ғанибекұлы әлеуметтік желіде келіншегін тағы да есіне алып, жазба арнады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпарат порталы.

– Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді.

Ол – менің ғаламым, бауырлары мен сіңлілеріне тірек, ата-анасына мақтаныш пен қуаныш, айналасындағы адамдарға шынайы бақыт болды.

Ол – біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді.

Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді… Бірақ оның жарығы сөнген жоқ.

Ол – құтқарып қалған жандардың жүрегінде, еске алып, сағынышпен дұға еткендердің жүрегінде мәңгілікке сақталады.

Ол – өзінен кейін өшпейтін із қалдырды, жарының, отбасының, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде.

Сен әрқашан жүрегіміздесің, жаным… – деп жазды Әділет Ғанибекұлы.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика