Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында «Жасанды интеллект және әдебиет» атты ғылыми конференция өтті. Аталған жиын қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллекттің әдебиет пен мәдениет салаларына ықпалын ғылыми тұрғыда зерделеуге арналды, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

Бүгінде жаңа технологиялар дамып, жасанды интеллект шығармашылық үдерістерге белсенді араласа бастады. Осы орайда оның көркем әдебиетке тигізер әсері, мүмкіндіктері мен туындауы мүмкін тәуекелдер терең талдауды қажет етеді.

Конференцияның басты мақсаты – жасанды интеллект пен әдеби шығармашылықтың өзара байланысын саралап, авторлық құқық пен тілдік-эстетикалық нормаларға қатысты жаңа сұрақтарға жауап іздеу болды. Сонымен қатар ЖИ-дің әдеби тілге, көркем ойлауға және ұлттық әдебиет дамуына ықпалы да назарға алынды.

Іс-шара барысында әдебиеттанушылар, қаламгерлер, зерттеушілер мен сала мамандары баяндама жасап, ашық пікір алаңы ұйымдастырылды. Олар жасанды интеллект әкелетін тың мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді, сондай-ақ шығармашылық еркіндік пен этикалық жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Конференцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика