Зардап шеккендер бар: Бакудегі танымал бизнес орталықта жарылыс болды

Әзербайжан астанасы Бакудегі AFEN Mall бизнес орталығында жарылыс болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Республика ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, оқиға орнына шұғыл түрде Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің, ерекше тәуекелдегі құтқару қызметінің және Баку өңірлік орталығының күштері жіберілген.

Жарылыстан жараланған бес адам Клиникалық медициналық орталыққа жеткізілген. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Anadolu

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика