Елордада жыл басынан бері вандализмге қатысты 123 адам қамалған

Астанада «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, вандализмге қарсы күрес  жұмыстарын күшейтуде, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Елорда прокуратурасы берген дерегінше, жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 206 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 123 адам қамаққа алынып, 83 адамға жалпы сомасы 10,6 млн теңге айыппұл салынған.

 Мысалы, ағымдағы жылдың 2 қарашасында сағат 11.30 шамасында астаналық тұрғын «Сенім» тұрғын үй кешенінің кіреберісінің бірінде лифттегі бейнекамераны қасақана зақымдап, 30 мың теңге сомасына шығын келтірген. Ол 20 тәулікке қамаққа алынды. Осындай оқиға 4 қарашада сағат 04.30 шамасында орын алған. 38 жастағы қала тұрғыны мас күйінде елорданың тұрғын үй кешенінің бірінде лифтінің есігіне зақым келтірген. Ол 15 тәулікке қамаққа алынды.

Прокуратура тұрғындарға қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

Фото: ғаламтордан  

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика