World Boxing басшылығына қатысты маңызды жаңалық белгілі болды. Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис ұйым президенттігіне өз кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Осы шешімнен кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин ұйымды басқаруға жалғыз үміткер болып отыр.
Аптаның соңында Римде өтетін World Boxing халықаралық конгресінде делегаттар жаңа президентті сайлайды.
