Алматыда VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы аясында Түркітілдес журналистер қоры «Шеврон» компаниясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауы мен Halyk Bank серіктестігінде ұйымдастырылған «Еркін сөз-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Әлеумет — қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары:
1-орын — Құндыз Қабылденова (сыйлыққа — ноутбук);
2-орын — Заңғар Санай (сыйлыққа — 300 000 теңгелік «Honor» 400 ұялы телефоны);
3-орын — Жадыра Мүслім (сыйлыққа — 300 000 теңгелік «Honor» 400 ұялы телефоны) лайықты деп танылды.
«Еркін сөз-2025» байқауы бойынша:
1. «Үздік мақала» аталымы, Гүлзара Тілекқабылқызы (Бас жүлде — 500 000 теңге)
2. »Сайттағы үздік мақала» аталымы, Дина Литпин (Бас жүлде — 500 000 теңге)
3. »Үздік ақпараттық телесюжет» аталымы, Нұркен Әкімханов (Бас жүлде — 500 000 теңге).
Павлодарлық әріптесіміз Оралхан Қожанов демеушілік жасаған Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлық — 100 000 теңге, Диана Биржановаға табысталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Айта кетейік, кең ауқымды медиафорумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, қоғам қайраткерлері қатысты.
Фото: Дәурен Мақсұтханұлы


