Cолтүстік Қазақстанда 34 жастағы әйел жұмыс орнында мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында элеваторлардың бірінің аумағында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жұмысшы шамамен 30 метр биіктіктен астық сақтайтын қоймаға құлап кеткен. Бір сәттің ішінде оны құлаған астық ағыны басып қалған.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға куәгерлері бірден құтқарушыларды шақырған. Мамандар жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Алайда, 34 жастағы әйел табылған кезде оның бойында өмір белгілері болмаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті жұмысшының қаза болғанын растады.

«Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді ведомство.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика