Қазақтарды шақ келтірмеген: 2024 жылы Олимпиада чемпионы болған өзбек боксшысы допинг қолданғанын мойындады

Өзбекстанның танымал боксшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Лазизбек Муллажонов үш жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допинг-тестілеу агенттігі (ITA) ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылдың 11 маусымында жарыстан тыс кезеңде алынған сынамадан тыйым салынған метастерон препараты анықталған. Спортшы допинг қолданғанын мойындағандықтан, оған берілетін жаза төрт жылдан үш жылға қысқартылды.

Ресми шешімге сәйкес, Муллажонов 2028 жылдың 21 шілдесіне дейін әуесқой бокста өтетін ресми жарыстарға қатыса алмайды. Сонымен қатар оның 2025 жылдың 11 маусымы мен 22 шілдесі аралығында көрсеткен барлық нәтижесінің күші жойылды, — деп жазды портал.

26 жастағы Лазизбек Муллажонов — 2024 жылғы Олимпиада чемпионы (92 кг) және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Әуесқой бокстан бөлек, ол кәсіпқой рингте де сәтті өнер көрсетіп жүрген: алты жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті.

Айта кетейік, спортшы 14 қарашада нигериялық боксшы Моньясаху Муритадорға қарсы кезекті айқасына шығуға тиіс еді.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика