Белгілі украйналық сайт ҰҚШҰ-ның бас хатшысын Ресей мен екеуара соғыс жағдайында Мәскеу позициясын тым қатты және ашық қолдап кетті деп айыптап отыр,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Айыптаушы жақ Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы ретінде ұйымға мүше елдердің әскерін Ресейге көмектесі мақсатында Украйна даласына аттандыруға дейін дайын болды, деген дәйек келтірген.
Тасмағамбетов Ресейдің Украинаға жасаған зымыран шабуылдарын ақтап сөйлеген. Сондай-ақ ол Батыстың Киевке қару жеткізуіне қарсы шығып, ресейлік агрессияны толық қолдап келеді. Бұған қоса, Выборг кеме жасау зауытының акционері және КамАЗ-дың директорлар кеңесінің мүшесі, – делінген «Миротворец» жариялаған айыптау материалында.
