Мемлекет басшысы Күләш Ахметованың отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Күләш Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады-деп хабарлайды, Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Мемлекет басшысы марқұмның ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге мол үлес қосқанын атап өтті.

Күләш Ахметова бар ғибратты ғұмырын сәулелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге мол үлес қосқан халқымыздың аяулы ақыны еді. Нәзік қаламынан туған сыршыл өлеңдері, елдікті дәріптеген жалынды жырлары оқырман тарапынан аса жоғары бағаға ие болды. Өнегелі өмір сүріп, соңына әдеби бай мұра қалдырған Күләш Ахметованың есімі мен жарқын бейнесі ұмытылмайды, – делінген жеделхатта.
Күләш Ахметова 1946 жылдың 25 сәуірінде дүниеге келген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазҰУ-дың журналистьика факультетін тәмамдаған. Марқұм 14 қарашада өзінің соңғы жылдары тұрып жатқан Тараз қаласында дүниеден өтті.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика