Қазақстан — Орталық Азияның көшбасшысы және Вашингтонның №1 серіктесі

АҚШ-та өткен С5+1 саммиті мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамппен жеке кездесуіне байланысты сарапшылар арасында кең талқылау жүріп жатыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Тоқаевтың АҚШ-тағы сапары Қазақстанды санкциядан құтқарды

Бұл сапар Қазақстанның сыртқы саясатындағы жай ғана кезекті диалог емес, елдің халықаралық аренадағы салмағын айтарлықтай күшейткен тарихи оқиға ретінде бағалануда. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы кездесу Қазақстанды өңірлік деңгейден жоғары көтеріп, Еуразиядағы дербес орталық ретінде танытты.

Отандық сарапшылар бұл сапардың маңызын жоғары бағалап отыр. Сарапшы Айдархан Құсайыновтың сөзінше, Тоқаевтың Вашингтонға сапары Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Оның пікірінше, АҚШ-пен тікелей диалог жүргізу – инвестиция мен технология тартудың ең тиімді жолы.

Бұл сапар протокол емес. Трамп прагматикалық лидер. Ол тек пайда әкелетін серіктестікке басымдық береді. Қазақстан дәл қазір нақты нәтижелер ұсына алатын ел. Сондықтан бұл кездесу екіжақты экономикалық қатынастарға жаңа серпін береді, – дейді ол.

Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев бұл кездесудің геосаяси маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанның ешқандай блокқа қосылмай, теңгерімді саясат ұстануы – елді өңірдегі ең сенімді серіктеске айналдырды.

Тоқаевтың Вашингтондағы сапары – көпвекторлы дипломатияның тиімділігін көрсеткен нақты дәлел. АҚШ Қазақстанның тұрақтылығын аймақтағы басты факторлардың бірі ретінде қабылдайды. Бұл – ұзақ жылдық сыртқы саясаттың нәтижесі, – дейді сарапшы.

Осылайша, екі қазақстандық сарапшының да пікірі бір мәселені айқын көрсетеді: Астана АҚШ-пен қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарып отыр.

Шетелдік сарапшылар да Қазақстанның рөлі артып келе жатқанын мойындап отыр

Қазақстандық сарапшылардың пікірін шетелдік мамандар да толықтыра түседі. Ресейлік журналист әрі тарихшы Максим Шевченко Тоқаевтың дипломатиялық шеберлігін жоғары бағалап, оның әлемдік саясаттағы орны ерекше екенін атап өтеді.

Токаев – қазіргі әлемдегі ең ерекше лидерлердің бірі. Ол Қытаймен – қытай тілінде, Трамппен – ағылшын тілінде сөйлесе алады. Бұл – әлемдік дипломатияда сирек кездесетін саяси капитал. Қазақстан Еуразияда жаңа орталыққа айналып келеді, – дейді Шевченко.

Сарапшының айтуынша, Тоқаевтың БҰҰ-дағы ұзақ жылдық тәжірибесі, халықаралық жүйені терең түсінуі және көпвекторлы саясаты оған ерекше салмақ береді. Оның пікірінше, Қазақстан дәл қазір аймақта ғана емес, Еуразия кеңістігінде өз алдына бөлек дербес орталық болып қалыптасып келеді.

Экономикалық блок: АҚШ-пен серіктестік жаңа фазаға өтті

Вашингтондағы әңгіменің басым бөлігі экономикаға арналды. Орталық Азия бойынша белгілі сарапшы Аркадий Дубнов Тоқаевқа алғашқы болып сөз берілгенін кездейсоқ шешім емес деп бағалайды.

Саммитте сөз кезегі алфавитпен емес, маңыздылық деңгейіне қарай берілді. Тоқаев бірінші болып сөйледі. Бұл – АҚШ-тың Қазақстанды өңірдегі негізгі серіктес деп қабылдағанын көрсетеді, – дейді Дубнов.

Экономикалық бағытта АҚШ Қазақстанға ерекше назар аударып отыр. Әңгіме келесі салаларды қамтыды:

мұнай-газ және энергетика;

уран және критикалық минералдар;

жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар;

ауыл шаруашылығы;

өндірісті локализациялау.

Жиында Джексон–Вэник түзетуінің алынып тасталуы мүмкін деген мәлімдеме жасалды. Бұл шешім сауда айналымын айтарлықтай кеңейтеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстан үшін Соңғы 20 жылдағы ең ірі экономикалық серпілістердің бірі болуы мүмкін.

Технологиялық серіктестік: Қазақстан – Орталық Азияның IT-хабы

Вашингтон Қазақстанды өңірлік технологиялық орталық ретінде қарастырып отырғанын ашық көрсетті. Екі ел:

жасанды интеллект;

цифрландыру;

киберқауіпсіздік;

биотехнология;

финтех жобалар бойынша нақты серіктестікке дайын екендерін айтты.

Бұл Қазақстанның соңғы жылдары жүргізіп отырған цифрлық реформаларымен толық үндеседі. Сарапшылар бұл бағытты Қазақстан экономикасының жаңа драйверіне айналатынын айтады.

С5+1 саммиті: саяси символизм және нақты месседждер

Саммиттің өзінде де саяси символизм жоғары болды.

Сарапшылар ерекше назар аударған деталь — делегацияның жайғасуы. Бұл — аймаққа тұтас субъект ретінде қараудың белгісі.

Ең маңыздысы — Тоқаевтың сөзінің мазмұны. Президент Трампты «Америкаға тұрақтылық пен ақыл-ойды қайта әкелуге қабілетті лидер» деп атап өтті. Бұл — жоғары дипломатиялық тактика.

Трамп та Қазақстанды ерекше құрметпен қабылдады. Екі лидердің диалогы өте жылы өтті. Бұл алдағы ынтымақтастықтың саяси атмосферасын айқындады.

Аймақтық қауіпсіздік: Қазақстан – тұрақтылық орталығы

Кездесуде қауіпсіздік мәселелері де кең талқыланды:

Ауғанстандағы жағдай;

терроризмге қарсы күрес;

есірткі трафигіне тосқауыл;

Каспий транзитінің қауіпсіздігі;

Орталық Азиядағы тұрақтылық.

Вашингтон Қазақстанды осы бағыттар бойынша негізгі серіктес ретінде қабылдайды. Бұл Қазақстанның аймақтағы бейбітшілікке қосып отырған үлесін айқын көрсетеді.

Авраам келісімдері: Қазақстанға ашылған жаңа дипломатиялық платформа

Саммитте күтпеген мәлімдеме жасалды: Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу мүмкіндігі айтылды. Бұл тақырып әлі талқылау деңгейінде болғанымен, АҚШ-тың мұны ашық айтуының өзі — Қазақстанның халықаралық салмағын көрсететін фактор.

Израиль сарапшылары Қазақстанның Каспий арқылы Иранға көршілес орналасуын маңызды геосаяси артықшылық деп бағалайды.

Қазақстан жаңа геосаяси кезеңге қадам басты

Тоқаевтың Вашингтондағы сапары Қазақстанның сыртқы саясатындағы жаңа кезеңді ашты. Бұл кездесу:

Қазақстанның халықаралық беделін арттырды

АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті күшейтті

Технологиялық даму бағытын нақтылады

Экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтті

Аймақтағы тұрақтылық архитектурасындағы рөлді күшейтті

Қазақстанды Еуразиядағы дербес орталық ретінде бекітті.

Мамандардың пікірінше, бұл сапар Қазақстанның көпвекторлы саясатының тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, елді жаңа деңгейге шығарды.

Фото: Ақорда

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика