Мас күйде болған адам мегаполис көшелерінде суық қарумен өткіншілерді қорқытпақ болған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқыс оқиға туралы полицияға 102 арнасы арқылы қоңырау түскен.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция бөлімшесі келді. Күдікті ұсталып, жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ұсталған адамның мас халде болғаны анықталды. Артынша оның үй-күйсіз жүрген қаңғыбас екені анықталды. Алайда оның қолындағы құрал басқаларға қауіп төндірмейтін ойыншық тапанша болған, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Болған оқиғаға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
