«QazaqGaz» Ұлттық компания» басқарма төрағасы Әлібек Жамауовтың айтуынша соңғы жылдары газ бағасының өсуі әлеуметтік маңызы бар көптеген тауар бағасының өсуінен төмен болған,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оның пікірінше Қазақстанда газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру қажет. Еліміздегі көгілдір отынның тамырын ұсатап отырған басшы мұндай мәлімдемені «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңесінің отырысында айтты.
Сонымен қатар ол, елдегі тауарлық газдың көтерме бағалары біртіндеп өскеніне қарамастан, Қазақстанда табиғи газ тарифтері төмен екенін алға тартты.
«Тіпті жақында 33%-ға түзетілгенін ескерсек те, ішкі нарықтағы жыл сайынғы субсидия шамамен Т200 млрд болады», — дейді ол.
Жамауовтың уәжіне сенсек, соңғы он жыл көлемінде қазақстандықтардың коммуналдық төлемдеріндегі газ шығынының үлесі 6,4%-дан 5,2%-ға дейін төмендеген.
