Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды

Астана қаласы ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сот судьясы Әсел Досаева мас күйінде рульге отырған сәтінде полиция қолына түсті, — деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық- сараптамалық порталы.

Елорда көщелеріндегі кезекті рейд кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Mazda көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің мас екені анықталды. Көлік бірден қоғамдық тұраққа жеткізілді. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, — деп мәлімдеді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Оған дейін «Президентке хаттар» Telegram арнасы  Досаеваның ұсталған сәтте тек мас күйде ғана емес, сонымен қатар жүргізуші куәлігінің де болмағанын жазды.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика