Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ әуе бортымен жөнелтілді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаға қатысты тергеу барысын министрдің өзі жеке бақылауға алды. Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі.
Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті рәсімдерді орындау үшін тиісті шаралар қабылданатын болады, — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Айта кетйік бүгін таңртең ақтөбе облысы аумағында ірі жол апаты орын алып, салдарынан 12 адам қаза тапқан болатын. Тағы бірнеше адам жарақат алып ауруханаға жеткізілген.