Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ол өз жазбасында Мемлекет басшысының қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өткенін айтып өткен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталғанын еске салды. Мемлекеттік құрылысымыздың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» басты формуласы өзгеріссіз қалады.
Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болады. Сондай-ақ шамамен 10 Конституциялық заңға және 50 кодекс пен заңға өзгерістер енгізу талап етіледі,-деп жазды Е. Тынымбайұлы
Сонымен қатар ол, осы ретте Ата заңға енетін өзгерістер мен толықтырулар ауқымы жағынан жаңа Конституция қабылдағанмен шамалас екенін де еске салды.
Жұмыс тобының міндеті – Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сол ұсыныстардың негізінде Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы дайындалып, кейін республикалық референдумға шығарылады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, түптеп келгенде алдағы өзгерістер мен толықтырулардың ауқымы жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей,-делінген Мемлекеттік кеңесшінің жазбасында.
Айта кетейік Мемлекет басшысы биылғы қыркүйектің 8-ндегі Қазақстан халқына жолдауында алдағы уақытта ел Сенаты тарап, бір Парламенттік елге айналатынымыз туарлы айтқан болатын.