Астанада 8 адамды алдап соққан алаяққа сот үкімі шықты

Сотталушы азамат өз құрбандарын жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп сендірген, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Астана қаласы прокуратурасы берген мәліметінше, сотталушы азамат жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Мысалы, жәбірленушілілердің бірі кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған,-делінген елорда прокуратурасы берген ақпаратта.

Сотта Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады.

Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді,-деп жазды дереккөз.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика