Астанада дәмхана өртеніп, бірнеше пәтерге залал келді

Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады, хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Astana news telegramm арнасы жазды.

18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды. ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп жазды дереккөз. 

Сондай-ақ елорда әкімшілігі тарапынан барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.

Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты және әкімдіктің қолдауы есебінен басталады. Барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.

Соңғы жазбасы

БІздің инстаграмға жазылып сенімді ақпараттарды алып отырыңыз