Белгілі журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Қазақ баспасөзінің белгілі өкілі, журналист Айгүл Аханбайқызы 53 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптмалық порталы. 

Айгү Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында туған.

 1990-95 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, республикалық басылымдардағы қызметін бастады. Студент кезінен Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған ол, кейін «Жас алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінде, «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі» газеттерінде бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Одан кейін  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында баспасөз қызметінің менеджері болып жемісті еңбек етті. Марқұм өміріінң соңғы күндеріне дейін  «Егемен Қазақстан»  газетінде еңбек етті.  Ол «Оқырман күткен әңгіме» атты кітаптың авторы.