Атышулы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайға қатысты сот үкім шықты, -деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сот айыпты деп танылған Ернар Жиембайға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сонымен қатар ол жәбірленуші Руслан Бепденовтің пайдасына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді-делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, кешегі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Жиембайға аталған қылмысына орай 11 жыл 3 ай жазв тағайындауды сұраған еді