Алматы облыстық Аппеляциялық соты марқұм Шерзат Полатты өлтірді деп айып тағылып, сотталғандардың апппеляциялық шағымын қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сот отырысында сегіз сотталушы апелляциялық шағым түсірген. Кеше судья барлық тараптарды тыңдаған болатын.
Бүгінігі отырыста апелляциялық сот алқасы барлық шағымданушыға қатысты алдыңғы сот үкімін өзгеріссіз қалдыруға шешім шығарды.
Аппеляциялық шағым түсіруші сегіз сотталушының барлығы ақтауды немесе жартылай ақтауды сұраған. Олар сондай-ақ өздеріне тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұраған жоқ.
Сот отырысы офлайн режимде өтті. Процесті түсіруге тыйым салынды.
Айта кетейік, кешегі сот отырысында Шерзат Полаттың отбасы сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған. Олардың адвокаты Мейірман Шекеев те 5 маусымдағы айыптау үкімін өзгеріссіз қалдыруды талап ететінін айтқан болатын.