Қарт Семейде ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында “Адамзаттың Абайы” атты аламан айтыста шын жүйріктер додаға түсті, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жыр додасына еліміздің әр түкпірінен келген таңдаулы деген 12 ақын 6 жұп болып қатысты.
Абайдың әруағын асқақтатқан жыр бәйгесінде арқаның арқалы ақыны Мақсат Ақанов бас жүлдені қанжығасына байлады. Ол арнайы тігілген темір тұлпарды тақымына басты.
Қазылардың шешімімен
1-орынды азулы ақын, Рүстем Қайыртайұлы қанжығасына байлады,
2- орынға Айбек Қалиев пен Мейірбек Сұлтанхан лайық деп танылса, 3- орынды Мақсат Ақановпен әдемі әзілі жарасқан жұп құрып айтысқан Жансая Мусина мен Әсем Ережеқызы иеленді. Арнайы жүлде сыр бойынан келген ақын Мұхтар Ниязовқа табысталды.
Қазылар алқасына қазақ айтыс өнерін өрге сүйреген тұлға, ақын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман басшылық етті. Айтысты белгілі айтыскер, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жүргізіп отырды.