Қайғылы оқиға 5 тамыз күні түстен кейін Екібастұз қаласындағы теміржол станциясында болған,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Дереккөздің жазуынша оқиға туралы ақпарат Екібастұздағы Instagram парақшаларының бірінде пайда болды. Локомотив машинисі, болжам бойынша, деп хабарланды. Оқиға орнына жедел қызмет аттанды. Бұл ақпаратты еңбек инспекциясы ішінара растады.
Иә, адам өліміне әкелген жағдай болғаны рас. Қазір анықтау тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтаймыз, — деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.
Алайда, Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасы аталған оқиғаға қатысты ешқандай шақырту түспегенін атап өтті. Жергілікті полицейлер алғашқы тергеуді еңбек инспекциясы жүргізетінін мәлімдеді.