Алматыда Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтті

Ғарышкер, халық қаһарманы, Талат Мұсабевты шығарып салу рәсімі мен жаназа намазы Алматыдағы Офицерлер үйінде өтті, деп хабарлайды  Jurtmedia.kz  ақпараттық- сараптамалық порталы.


Қаралы жиынға халық өте көп жиналды. Жиынды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ашып, Мемлекет басшысының көңіл айту жедел хатын оқып берді. Одан кейін қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров марқұм туралы естелігімен бөлісіп, қаралы қауымға көңіл айтты.

Қай жерде жүрсек те, қай ғарыш айлағынан ұшсақ та, қайда кетсек те, біз әрқашан өз кәсібімізге, ғарышқа адал болдық. Өйткені ғарыш бізді біріктірді. Талғат Амангелдіұлы, сен Қазақстан үшін көп іс тындырдың. Сен нағыз патриот едің. Мұны мен де, бүкіл халық та көріп, куә болды. Сен бәрін таза жүрекпен, адал ниетпен жасадың. Ең маңыздысы — сенде әрдайым өзгелерде кездеспейтін идеялар болды. Сол идеяларды іске асыра алдың. Саған соңғы рет қош айтып, отбасыңа, халқыңа мына нәрсені жеткізгім келеді: Қазақстан сені ешқашан ұмытпайды. Сенің атың ел тарихында мәңгілікке жазылды. Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты дос!, — деді Т. Әубәкіров.

Одан кейін, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, “РосКосмос” компаниясының вице-президенті, ресейлік ұшқыш ғарышкер Сергей Крикаёвтер сөз алып, қазаға қатысты жақындарына көңіл айтты.