ТЖМ жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға жер сілкінісі болған жағдайда  жасауы керек алғашқы әрекеттер туралы ескертті, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы ведомствоның  Telegram арнасы жазды.
✅

Төтеншеліктер азаматтарды ең алдымен бірден үрейленбеуге шақырды.

 1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

✅3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
✅4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
✅5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
✅ 6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
✅ 7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
✅ 8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
✅9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
✅10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз,-деп ескертті министрлік өкілдері.