Орал қаласындағы Айталев көшесі бойындағы сүт комбинатының аумағында орналасқан бір қабатты, бөлек тұрған ғимараттан өрт шықты,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасады. Үш сағаттан аса уақыт өткенде ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Өрті сөндіруге жеке құрамнан 45 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды,-деп жазды дереккөз.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.