Екі адам көз жұмды: Рульде Шавкат Рахмоновтың жұбайы болған

Екі адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік оқиғасы Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында болған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Түрлі әлеуметтік желіде  тараған ақпаратқа сәйкес, көлікті басқарған адам – қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әйелі екені айтылуда.

Оқиға 27 шілде күні сағат 08:50 шамасында болған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және себептерін объективті түрде зерттеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі  КазТАГ агенттігіне берген түсініктемесінде. 

Оқиға салдарынан қаза тапқан екі адамнан бөлек тағы екі адам жарақат алған.

Республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды облысы жағынан Алматы қаласы бағытында келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», – деп нақтылады жергілікті полиция.

Фото: instagram.com/jagdaikz парақшасынан.