«Қорғас» ісінің басты куәгері, кеден қызметкері Медет Жамашевты өлтіруге тапсырыс беруші ретінде сотталған қаржы полициясының бұрынғы агенті («Саныч» және «Бетон» жедел бүркеншік атымен) Талғат Махатовқа қосымша айыптар тағылды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ол бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың командасындағы басты тұлғалардың бірі болған.
ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (алаяқтық) – тоғыз жыл бас бостандығынан айыру; ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі(қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) – үш жыл бас бостандығынан айыру; ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігі –(билік өкіліне қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) екі жылға бас бостандығынан айыру таайындалды. ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы үшін ішінара толықтыру арқылы Талғат Бақытбекұлы Махатовты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді,-делінген сот үкімінде.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша бұрын шығарылған үкімдерді ескере отырып, Махатов бас- аяғы 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Онымен бірге оның сыбайластары Владимир Мальцев, Наталья Кобзева және Жанна Масимова да сотталды. Оларға 5 жылдан 6 жыл 8 айға дейінгі мерзімге жаза кесілді.
Іс материалдарына сәйкес, Махатов «Бас Прокурордың тапсырмасын» орындаймын деген желеумен (ол кезде бұл қызметті Қожамжаров атқарған) тендерлер мен мемлекеттік келісім-шарттарға қатысу, халықаралық банктік аударымдарды ұйымдастыру, қарыздарды өтеу және құқық қорғау органдарымен істерді реттеу, түрлі алдап-арбау және сенімгерлік басқару арқылы жеке тұлғалардың қаражатын бірнеше рет иемденген. Жалпы шығын ондаған миллион АҚШ долларын құрайды,-делінген дереккөз таратқан ақпаратта.