Бұл туралы Мәжілісі депутаты Бақытжан Базарбек жазды, деп хабарлайды Jurtmtdia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мұрат Әбеновпен бірге Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) анықтаған деректер бойынша Бас прокуратураға жолдаған өтінішімізден кейін, прокурорлар құқық қорғау органдарымен бірлесіп «СК-Фармация» ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріндегі ұрлық фактілері бойынша қылмыстық тергеп-тексеруге кірісті!,-деп жазды Б. Базарбек өзінің Faceebok парақшасында.
Мәжілісменнің айтуынша тексерістер төмендегі фактілер бойынша жүреді:

• Жалған клиникалық зерттеулер жүргізіп, 166,4 млн теңгеге дәрі-дәрмек бойынша қаражат игерілген;
• Шын мәнінде алынбаған жабдыққа 36,7 млн теңге негізсіз жұмсалған.


Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алуы барысында 35,8 млрд теңге залал келтіруі, сондай-ақ «КазМедПром» ЖШС-нің қолғаптарды қымбат бағамен сатуы деректері Бас прокуратураның ақпаратты есепке алу кітабына (АЕК) тіркеліп, Қаржылық мониторинг агенттігіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды.
Сонымен қатар, жалған клиникалық зерттеулер өткізу және алынбаған жабдық үшін қаражатты негізсіз игеру бойынша (жалпы сомасы 200 млн теңгеден аса) Қоғамның қызметіне тексеру тағайындау туралы тапсырма Алматы қаласының прокуратурасына жолданды.
Депутат бұдан бөлек, Бас прокуратура «СК-Фармация» ЖШС мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметін тексеру бастамасын көтергенін де жазды.