Елордада 7 студенттік жаңа жатақхана салынады

Бұл туралы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде елордада 481 мыңнан астам жас бар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мың адамға артқан. 16 жоғары оқу орнында 95 мыңнан астам студент білім алады.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 5 023 жас жұмыспен қамтылған. Бұл «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны» сияқты жобалар аясында жүзеге асты. Сондай-ақ, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы екі айдың ішінде 3 365 жас жұмыспен қамтылса, маусым соңына дейін бұл көрсеткіш 5 200-ге жетеді деп күтіліп отыр.

Қазір елордада 64 студенттік жатақхана жұмыс істейді. 2025 жылы қосымша 3 400 орындық 7 жатақхана салу және қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Аталған шаралар студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын толық шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Астана қаласының әкімдігі жоғары оқу орындарына оқу корпустары мен жатақханалар салуға арнап жер учаскелерін бөліп отыр,- деп атап өтті С. Ибраев 

фото: yassy-tur.kz