Тоқаев Алакөл демалыс аймағындағы қызмет сапасын сынға алды

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Aqorda.kz Telegramm арнасы жазды.

Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.

Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды,-делінген ресми ақорда таратқан мәліметте. 

Еске сала кетейік, жазғы демалыс маусымы басталғалы бері отандық түрлі демалыс орындарының сапасына қатысты қоғам тарапынан айтылатын сын-ескертпелер саны өсіп кеткен болатын.